224,7 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілмеді — Антикор
АСТАНА. KAZINFORM — Агенттіктің бастамасы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздейтін баптың ведомстволық бағыныстылығы айқындалды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс істеліп жатыр.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзуға жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында алдын алу шараларына ерекше назар аударылады.
Маңызды бағыттардың бірі сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарлы бағаларын көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алулардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі.
— Биыл 5 айда 29 млрд теңгеге осындай фактілер анықталды, оның 6,4 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Қалған соманы (22,6 млрд теңге) тапсырыс берушілер қайта қарап, олар бойынша жоспарлы бағалар төмендеді немесе сатып алынатын тауарлар көлемі ұлғайды (2024 жылы 55 млрд теңгеге артық өсім анықталды, оның ішінде 26 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды, 29 млрд теңгеге сатып алу қайта қаралды), — делінген Антикор хабарламасында.
Жалпы, жобаны іске асыру басталғаннан бері (2019 ж.) 224,7 млрд теңге бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол берілмеді.
Алдын алу әсерін күшейту барысында осы саладағы заң бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жандандырылды (Антикормен мониторинг барысында анықталған бұзушылық белгілері бар барлық фактілер ішкі мемлекеттік аудит органдарына әкімшілік хаттама жасау үшін беріледі).
— Оң тәжірибе жинақталды. Егер 2024 жылы агенттік департаменттері небәрі 22 заң бұзу анықтаған болса, онда ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 95 заң бұзу анықталды. Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Агенттіктің бірқатар ұсынымды «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңда іске асырылды (01.01.2025 ж. бастап күшіне енді). «ҚБП» форматында қағаз түрінде сатып алу алынып тасталды (құқықтық тәртіп пен Ұлттық қауіпсіздік қажеттіліктерін қоспағанда), зияткерлік меншік объектілерін сатып алу бойынша шектеулер енгізілді (оларды сатып алуға монополияға қарсы органның осындай тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде ғана жол беріледі), сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың сатып алуға қатысуға тыйым салу белгіленді, — делінген хабарламада.
Агенттіктің бастамасы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздейтін баптың ведомстволық бағыныстылығы айқындалды (бұған дейін ӘҚБтК-нің 207-1-бабы бойынша орган айқындалмаған болатын, осыған байланысты норма жұмыс істемеген, қазір уәкілетті орган ретінде Қаржы министрлігін айқындаған).
Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргізілген талдаулар шеңберінде, оның ішінде азаматтардың өтініштері бойынша осы бағыттағы алдын алу шаралары бойынша жаңа ұсыныстар әзірленіп жатыр.
Оларды кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 наурызында Қаржы министрлігімен 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі бірлескен Жол картасы бекітілді.
Айта кетелік Антикор құрылысы ұзаққа созылған жобаларды бақылауға алғаны туралы жазған едік.