23 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.
10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Рухани шыңына жету жолында: Жапония өнері» атты көрме ашылады.
10.30-де Астана ПД кинологиялық қызмет орталығында кинологиялық қызмет жұмысы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: кинологиялық қызмет орталығының бастығы полиция майоры Бауыржан Мырзахметов.
11.00-де «Sheraton Astana Hotel» қонақ үйінде танымал «Ninety One» тобының солистерінің қатысуымен өтетін «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының тұсаукесері басталады.
11.00-де «Nursaya Deluxe» бизнес орталығында «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы алаңында «MADE IN PHARMA KZ» жобасын іске қосу аясында салалық қауымдастықтармен меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Түркиядағы табиғи апат аймағында ҚР ТЖМ құтқарушылары жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев. Баспасөз мәслихаты Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген құтқарушылар, кинологтар мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.30-да Қазақстандағы Түркия Республикасының Елшісі Уфук Экиджи елшілік ғимаратында баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі соңғы жаңартылған ақпаратты ұсыну, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беру жоспарланған.
15.00-де «Нұрлы Орда» бизнес орталығында Қазақстандық қоғамдық даму институтында «Сайлау-2023: жаңа электоралды циклдың қорытынды кезеңі» тақырыбы аясында «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Хаджиева Мария Жамаловна (ZOOM); ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директордың орынбасары Сағи Әжібек (ZOOM). Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Астана қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
15.00-де ҚР Парламенті Сенатында Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Бюджетаралық қатынастарды жаңа тәсілдерді ескере отырып қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Бір кем дүние» драмасы қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Махаббат бар ма?» комедиясы ұсынылады.