23 ақпан. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
9 3 жыл бұрын (1930-2019) жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағының бірнеше дүркін лауреаты Әбілфайыз Ыдырысұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келген.
Қостанай облысында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1953-1965 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде, Қазақ республикалық радио комитетінде редактор, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1965 жылдан қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық етті. Елімізге еңбегі сіңген журналистер даярлау ісіне сүбелі үлесін қосқан.
«Әуезовке – іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы» эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы, «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген. Әр жылдары басылып шыққан «Газетті безендіру сыры», «Редактор мен корректорға көмекші құрал», «Фототерім», «Полиграфия өндірісі негіздері» оқулықтары мен оқу құралдары күні бүгінге дейін сұранысқа ие. Медальдармен марапатталған.
6 3 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері, генерал-лейтенант Марат Сапарұлы ӨСІПОВ дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1983); Минск қаласындағы КСРО МҚК Жоғары курстарын (1987) бітірген.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы ҰҚК бөлімшесінің атқарушы және басқару қызметтері (1986-1999); Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бөлімшелеріндегі қызмет (1999-2001); Қазақстан Республикасы ҰҚК бөлімшесіндегі басшылық қызметтер (2001-2013); Қазақстан Республикасы ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы (2013-2016); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (2016-2021).
2-дәрежелі «Даңқ», «Айбын» ордендерімен; «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
6 3 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Айтуұлы НҰРПЕЙІСОВ дүниеге келген.
Тәжік КСР-інде туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1985).
Еңбек жолы: Жамбыл облысы Жаңатас қалалық прокуратурасының стажері (1985-1986); Жамбыл облысы Жаңатас қалалық прокуратурасының аға тергеушісі (1986-1991); Жамбыл облысы Луговое аудандық прокуратурасының аға тергеушісі (1991-1992); Жаңатас қаласы прокурорының аға көмекшісі (1992-1993); Жамбыл көлік прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі (1993-1995); Алматы қалалық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің прокуроры (01.1996-02.1996); Алматы қалалық прокуратурасының тергеу және жауап алуды қадағалау бөлімі бастығының міндетін атқарушы (02.1996-03.1996); Алматы қалалық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің аға прокуроры (06.1996-07.1996); Алматы қалалық прокуратурасының адам және азаматтың құқықтары мен еркіндіктерін сақтау бөлімінің бастығы (1996-1997); Алматы қалалық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (04.1997-06.1997); Қырғызстан Республикасы «Маймақ» АЭА бас директорының экономикалық қауіпсіздік, құқық мәселелері жөніндегі орынбасары, Талас облысы әкімінің орынбасары (1997-1998); ҚР Бас прокуратурасы департаментінің әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры (02.1998-11.1998); ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау департаментінің әлеуметтік саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы (1998-2000); ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау департаментінің әлеуметтік саладағы заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы – департамент басшысының орынбасары (2000-2001); ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік органдардағы қызметтің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (02.2001-10.2001); Атырау облыстық прокурорының бірінші орынбасары (2001-2002); Астана қалалық прокурорының орынбасары (2002-2005); ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік органдардағы қызметтің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2005-2009); ҚР Бас прокуратурасы тергеудің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2009-2010); ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2010-2011); ҚР Бас прокуратурасының тергеудің заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (2011-2012); Қызылорда облысының прокуроры (2012-2016); Батыс Қазақстан облысының прокуроры (2016-2018).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың желтоқсанында кірісті.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығына» медальдарымен наградталған.
5 9 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Шадетханұлы ҚОЖАЕВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1989); ҚР ІІМ академиясын (2001) бітірген, заңгер. Алматы облысы мен Алматы қаласында ішкі істер органдарында бірқатар қызмет атқарды. Алматы қаласы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2004-2007); Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары (2007-2009); Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары (2009-2012); ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің төрағасы (2012-2014); Павлодар облысы ішкі істер департаменті бастығы (2014-2017); Астана қалалық полция департаментінің бастығы (2017-2019).
Қазіргі лауазымын 2019 жылғы сәуірден бері атқарып келеді.
ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен; «ІІМ еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
5 5 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Нұртөлеуұлы ШПЕКБАЕВ дүниеге келген.
Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысында туған. Одесса жоғары артиллериялық командалық училищесін (1989); Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жоғары артиллериялық университетін (2003); Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының жоғары академиясын (2011) аяқтады.
Еңбек жолы: Взвод командирінен бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарына дейінгі офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқарды. 1989 жылғы шілдеден бастап взвод командирі, батарея командирі, дивизион командирі лауазымдарында қызмет өткерді. 1994 жылғы қазаннан бастап 1995 жылғы қараша аралығында ГФР Бундесвер артиллериялық мектебінде білім алды және әскери практикадан өтті. 1996 жылғы ақпаннан бастап штаб бастығы – армиялық корпус артиллериялық полктің командирі қызметін атқарды. 1997 жылғы желтоқсаннан бастап мотоатқыш дивизиясы артиллериялық полкінің командирі қызметін атқарды. 2003 жылғы тамыздан бастап дивизия командирінің орынбасары – механикаландырылған дивизия зымыран әскерлері және артиллерия басқармасы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 2004 жылғы қарашадан бастап өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасы әскер тегінің зымыран әскерлері және артиллерия бастығы қызметін атқарды. 2011 жылғы шілдеден бастап Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультеті жедел өнер кафедрасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2012 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті бастығының орынбасары – басқарма бастығы қызметін атқарды. 2013-2017 жылдары ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті. 2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының бірінші орынбасары болды.
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың тамызынан бастап.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен; бірқатар медальдармен марапатталған.
48 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы ҚАЙНАРБЕКОВ дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген (1997); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика (2003); М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Іскерлік басқару магистрі (2006); Гарвард бизнес мектебі (2009); Колумбия университеті, экономика саласындағы мемлекеттік басқару магистрі (2016).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екінші басқармасының маманы (1998 жылдан); әр жылдары Сыртқы істер министрлігінде көмекші, атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы, сонымен қатар коммерциялық секторда жұмыс істеді; Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары (2001-2010); Ақмола облысы әкімінің орынбасары (2010-2018); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2018-2019).
2019 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.