23 ақпанға арналған ауа райы болжамы ұсынылды
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 23 ақпанға арналған қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы жарияланды.

Синоптиктер болжамынша, циклондар легі және олармен байланысқан фронтальды бөліктер ҚР аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізуді жалғастырады. Елімізде батысында қалың қар, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
— Елдің шығысында, оңтүстік-шығысында әлі де жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында төменгі құрлықпен, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі, — делінген хабарламада.
Осыған дейін «Қазгидромет» 23 ақпанда күн райының нашарлауына байланыста 15 облыста дауылды ескерту жариялағаны мәлім болды.