23 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар
![None None](/static/img/plug.webp)
НҰР-СҰЛТАН
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.
11.00-де Emerald Tower бизнес орталығында «ҚазАқпарат» АҚ мен итальяндық ANSA ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болады.
11:00-де «Nur Otan» партиясы ғимаратында «Nur Otan» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен «Jas Otan» Жастар қанаты Орталық кеңесінің отырысы өтеді.
11:00-де Мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы аясында бизнес-ахуалды жақсартуға арналған түзетулер туралы заң жобасын ұсынады.
11:00-де «Атамекен» кәсіпкерлер үйінде «Нұр-Сұлтанда туризмнің қандай түрлерін дамыту керек?» тақырыбында есеп беру кездесуі өтеді.
12:20-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз конференциясы өтеді.
15:00-де Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінде атом энергиясын пайдалануға қатысты заңнамаға түзетулер ұсынылады деп жоспарлануда.
15:00-де «Назарбаев Университеті» ААҚ, Р-3 блогы, Қызыл залда «Әлеуметтік қамсыздандырудың жаһандық міндеттері: Жұмыс орнының профилактикасы. Нөлдік өлім идеологиясы» тақырыбында ашық дәріс өтеді.
19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі композитор, пианист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбековтің «Жер дауысы» концерті өтеді.
АЛМАТЫ
11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Тұран университетінің ректоры, профессор Алшанов Рахман Алшанұлының «Жиырма мыңжылдық сыры: ізденістер мен ашылулар» кітабының тұсаукесері өтеді.