23 қаңтарда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 23 қаңтар күні өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Kazinform

АСТАНА

9:00-де ҚР Ұлттық-ғылыми онкологиялық орталығында жатыр мойны обыры (ЖМО) мәселесіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы өтеді.

11:00-де QazaqGeography ғимаратында «Janym Qazaqstan» фильмінің премьерасы өтеді.

15:00-де ҚР Президенттік орталығында ҚР Суретшілер академиясының корреспондент-мүшесі, Астана қаласы Суретшілер одағының құрметті мүшесі Ақжан Әли мен әйгілі австриялық ғалым, суретші доктор Джеральд Флориан Месснердің «Біз жалғыз емеспіз» атты бірлескен көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

19:00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы сахналанады.

19:00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» комедиясы қойылады.

19:00-де «Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Чарли Чаплин» трагикомедиясы ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар