23 қараша. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 23 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

күнтізбе, туған күн
Фото: Pixabay

Талғат ТЕМЕНОВ, актер, театр режиссері, кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі

Талғат ТЕМЕНОВ
Фото: Фото: 365info.kz

1954 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін, Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсын бітірген.

Талдықорған облыстық драма театры труппасының актері, «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші, кинорежиссері, қоюшы кинорежиссері, «Мосфильм» студиясының кинорежиссері қызметтерін атқарған.

1994-2000 жылдары Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры, 2000-2004 жылдары «Қазақфильм» кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі, 2005 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры, 2014 жылы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болды.

Алғаш қойған «Адамдар арасындағы бөлтірік» атты толық метражды көркем фильмі Франкфурт қаласында өткен XV Халықаралық кинофестивальдің Гран-при, Италияда «Күміс аю» жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Оның өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында «Шаңырақ», «Қайдасың сен, Чапай?», «Торо», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті». «Алма бағы», «Көгілдір такси» (С. Сматаевпен бірігіп) пьесалар жазған.

Тарихи тақырыпқа қойылған «Көшпенділер» фильміне режиссер ретінде қатысқан. «Қайырлы таң» және «Гүлназ», «Ой жасын» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

«Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1993).

Зиятдин ҚАСАНОВ, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының президенті

Зиятдин ҚАСАНОВ
Фото: Instagram / ziyatdin_kassanov

1958 жылы Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1981-1995 жылдары ҚазКСР мелиорация және су шаруашылығы министрлігі жүйесінде әртүрлі қызметтер атқарды. 1992 жылдан шетелдік капиталды тарта отырып, бірқатар ірі кәсіпорындар құрды. Өткен кезеңде ол «Kassanov Investment Group» брендімен әртүрлі салада 70-тен астам серпінді дамып отырған кәсіпорындарды біріктірді.

1999 жылдан «Ахыска» түрік этномәдени орталығының президенті.

«Құрмет» (2004) орденімен, 2005 жылы Еуропа жаратылыстану ғылымы академиясының «Алтын қыран» орденімен марапатталды, оған Еуропалық «Күн адамы» университетінің құрметті атағы берілген.

2006 жылы Түркияның «Түркі әлемінде халықаралық байланысты дамытуға, нығайтуға және сақтауға қосқан үлесі үшін» сыйлығы берілді.

Вадим БАСИН, Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылымының депутаты

Вадим Басин
Фото: gov.kz

1962 жылы Семей қаласында туған. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, 1990 жылы Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1986-1995 жылдары металлургия комбинатында электромонтер, 1995-2003 жылдары комбинаттың аглофабрика электр жабдығы бойынша цех бастығының орынбасары, 2003-2011 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі, 2011-2013 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі директоры болып жұмыс атқарған. 2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары болды. 2017-2021 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, 2021-2023 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды. 2023 жылы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ басшысының м. а. қызметінде болды; «QARMET» АҚ бас директоры (2023-2026).

Қазіргі қызметін атқаруға 2026 жылдың тамыз айында кірісті.

«Отан», «Құрмет» ордендерімен марапатталған; «Қазақстанның Еңбек Ері».

Руслан АҢБАЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі

Руслан АҢБАЕВ
Фото: pkzsk.info

1978 жылы СҚО Тимирязев ауданы Целинное елді мекенінде туған. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-менеджер, агроном және юриспруденция бакалавры.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданында аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған. 2002-2015 жылдары Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында салық қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды. 2015-2019 жылдары СҚО әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болды. 2019-2020 жылдары Мамлют ауданын басқарса, 2020-2022 жылдары Тайынша ауданының әкімі болды. 2022-2023 жылдары — Петропавл қаласының әкімі.

2023 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

Эльдар ДАНИЯРОВ, Абай облысы полиция департаментінің басшысы

Эльдар Данияров
Фото: Астана қалалық полиция департаменті

1982 жылы Қарағанды қаласында туған. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2009-2010 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті ЖПБ жол полициясы жекелеген мамандандырылған батальонының аға инспекторы, 2010-2014 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімінің мемавтоинспекторы, 2014-2015 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің аға мемавтоинспекторы, 2015-2016 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөлімі бастығының орынбасары, 2016-2019 жылдары Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы, 2019-2021 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Тылмен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2022-2024 жылдары бастап Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс атқарған. 2024-2025 жылдары Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметіне 2025 жылғы қыркүйек айында кірісті.

Құралбек АТАМҰРАТОВ, Қостанай облысы Мәдениет басқармасының басшысы

Құралбек АТАМҰРАТОВ
Фото: Gov.kz / Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы

1984 жылы Алматы қаласында туған. 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін қоғаммен байланыс мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2005-2006 жылдарыҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің әлеуметтік технологиялар басқармасының жетекші маманы, 2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің саяси жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, 2008-2009 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хатшылығының сарапшысы, 2010-2011 жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ үйлестіру басқармасының сарапшысы, 2011-2012 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ үйлестіру басқармасының баспасөз хатшысы, 2013-2018 жылдары «Sana Media» ЖШС бас директоры, 2018-2019 жылдары «Sana Media» ЖШС бас директорының орынбасары, 2019 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының инспекторы, 2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2020-2021 жылдары «Алаш Production» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарды.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

Ерлан ӘЛЖАН, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары

Ерлан ӘЛЖАН
Фото: Gov.kz

1985 жылы Қарағанды облысында туған. 2008 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын Құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін Қаржы мамандығы бойынша, 2018 жылы өңірлік әлеуметтік-инновациялық университетін заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2009-2011 жылдары Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары Қарағанды облысы облыстық соты кеңсесінің № 2 Шет аудандық соты кеңсесінің сот отырысының бас маманы-хатшысы болған. 2012-2013 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекцияны тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2013-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) заң қызметі департаментінің талап қою жұмысы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы лауазымында болған. 2014-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің бақылау және наразылық-талап-арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, басшысы болған. 2020-2022 жылдары Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тергеу департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымына 2023 жылғы қаңтар айында тағайындалды.

Ақжол ҚҰРМАНСЕЙІТ, «Әділет» партиясының Ұлытау облысы филиалының басшысы

Ақжол Құрмансейіт
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

1990 жылы Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономист» (2012); Қарағанды ​​Қазтұтынуодағы экономикалық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша бойынша бітіріп, магистр дәрежесін алған(2018).

Еңбек жолы: Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы (2012-2013); Қаражал қаласының жастар ісі орталығының директоры (2013-2014); Қарағанды ​​облысының жастар бастамалары орталығы директорының орынбасары (2014-2015); Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының директоры (2015-2019); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары (2019-2021); «ULYTAU» аудандық газеті редакциясының директоры (2021–2022); Қаражал қаласы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары (2022–2024); Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2024–2026).

Қазіргі қызметін 2026 жылдың шілдесінен бері атқарып келеді.