23 қазан - халықаралық қар барысы күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қар барысы – Қазақстанның сирек кездесетін ірі жыртқыштарының бірі, ол 1978 жылы еліміздің Қызыл кітабына енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 қазан - халықаралық қар барысы күні

Сонымен қатар, қар барысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік символы саналады және қазақ халқының баға жетпес табиғи және мәдени мұрасын бейнелейтін үлкен қоғамдық маңызы бар.

Жыртқыш 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақта: Іле-Алатау, Жоңғар Алатауы, Көлсай-көлдері, Катонқарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтынемел ұлттық парктерінде, Алматы және Ақсу-Жабағылы қорықтарында мекендейді.

Елімізде табиғат қорғау мекемелері – ұлттық парктер мен қорықтарды құру және олардың территорияларын кеңейту шараларының арқасында қар барысы популяциясының оң динамикасы мен өсімі байқалады.

1990 жылдардың басында олардың Қазақстандағы саны 80-100 болса, 2010 жылдардың басында 110-130 басты құрады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қар барысының жалпы саны - 140-180 бас.

Әлемде 4000-ға жуық қар барысы бар.