23 қазан күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қазанның 23-і күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» мәліметтеріне сүйене отырып.

23 қазан күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Елдің тек оңтүстігі мен батысында ғана қар жаумайды. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді,

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы облысында желдің күші 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады.