21:56, 02 Шілде 2024 | GMT +5
Қазақстанның 23 кен орнын саудаға салатын аукцион өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры бар 23 кен орны бойынша аукцион өткізетінін хабарлады.

Осыған байланысты жер қойнауын пайдалану департаментінің қызметкерлері әр сәрсенбі мен жұма сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайында Transport Тower ғимаратының бірінші қабатындағы инвесторларға арналған кабинетте аукцион өткізу шарттары бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Өтінімді [email protected] электронды поштасына байланыс деректерін қоса отырып қалдыруға болады.