23 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 23 қыркүйекке. арналған күнтізбесін ұсынады.

23 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

23 қыркүйек, СЕЙСЕНБІ

Сауд Араб иясы Корольдігінің Мемлекеттік мейрамы - Корольдіктің жарияланған күні (1932).

Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы сәуірдің 30-ында орнатылды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2 1 жыл бұрын (1993) Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орта Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды.

20 жыл бұрын (1994) Ақмола университетіне Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

1 6 жыл бұрын (1998) Алматыда танымал композитор Әсет Бейсеуовке ескерткіш орнатылды.

1 1 жыл бұрын (2003) Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.

10 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афиныда өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындары жүлдегерлерімен кездесіп, мемлекеттік наградалар табыс етті.

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев 1-інші дәрежелі «Барыс» орденімен, Олимпиаданың күміс жүлдегерлері - грек-рим күресінің палуаны Георгий Цурцумиа, боксшы Геннадий Головкин, еркін күрес палуаны Геннадий Лалиев, ауыр атлет Сергей Филимонов «Құрмет» орденімен, қола жүлдегерлер - жеңіл атлет-онсайысшы Дмитрий Карпов, боксшы Серік Елеуов, грек-рим күресінің палуаны Мкхитар Манукян «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар - Н.Ақүрпеков, К.Ғалымтаев, Л.Дон, Ю.Мельниченко, Т.Сайханов және В.Карповқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарынан бір алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Командалық есеп бойынша Қазақстан қырқыншы орынға табан тіреді.

9 жыл бұрын (2005) Павлодарлық Тарас Шевченко атындағы Украина мәдениет серіктестігінде республикадағы бірінші украин-қазақ сөздігінің тұсаукесер рәсімі болды.

Сөздік украина диаспорасының оқушыларына өз тілін және мемлекеттік тілді үйренуге көмек көрсетеді. Басылымның тиражы үш мың дана.

9 жыл бұрын (2005) Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды.

Қоладан құйылған Әлияның бейнесі гранит тұғырға орнатылған. Ескерткіштің екі жағындағы гранит бедерлерге сақ дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы бейнеленген. Мемориал авторлары - белгілі мүсіншілер Бақытжан Әбішев пен Ескен Серғабаев.

5 жыл бұрын (2009) Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы өзінің ресми сайтын - www.icehockey.kz. іске қосты.

5 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Жетісу жерінде тұрып жатқан батырдың ұрпақтары «Дарабоз» қоғамдық-мәдениет қорын құрып, бірнеше қайырымдылық акцияларын жасау нәтижесінде ескерткіштің құрылысына қаражат жиналып отыр.

Ескерткіш қоладан құйылған, биіктігі 11 метр. Мүсінші-архитектор - Болат Құсайынов, жобалаушы - Бердібек Шігербаев.

Қаракерей Қабанбай (1691-1769) - қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының бірі болған.

5 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстанның Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Ер Жәнібек батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.

Кешен қолындағы найзасымен бейнеленген батырдың алтыметрлік қола ескерткішінен тұрады. Оның екі жағын екі қасқыр қоршап тұрса, ал арқасында биіктігі 45 метрлік стела бар. Ескерткіштен 30 метрдей жерде Ер Жәнібектің кесенесі орнатылған.

Ер Жәнібек, Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) - жоңғар шапқыншылығы кезінде ерекше көзге түскен батыр, шешен. Ол үш жүздің хандары Әбілмәмбет және Абылай (Әбілмансұр) кезінде жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда қазақ қолының ең батыр сардарлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Өтеген және Орақбай, Малайсары қатарлы батырлармен тізе қоса отырып, «Құба Қалмақ» аталған жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда күрескен қолбасы, әйгілі шешен, әділ би әрі сол кездегі тұтас Абақ-Керейдің ел иесі болған.

ЕСІМДЕР

7 3 жыл бұрын (1941-2004) жазушы, ақын-аудармашы САИН Алдан дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы Алматы теледидар студиясынан бастап, Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде қызмет істеген. Кейін республикалық теледидар студиясында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің жергілікті теледидар мен радио хабарын тарату бас редакциясында, республикалық кәсіподақтар кеңесінің баспасөз орталығында, Қазақстан Жазушылар одағының насихат бюросында қызметкер, Қазақ КСР кітапқұмарлар қоғамында жауапты хатшы, «Қазақтелефильм» студиясында бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Жазушының «Комиссардың өкілі» атты повесі жарық көрген. Жұмағали Саин, Мағжан Жұмабаев, т.б. ақындардың өлеңдерін орыс тіліне аударған.

5 7 жыл бұрын (1957) ҚР ІІМ министрінің бірінші орынбасары ДЕМЕУОВ Марат Ғанұлы дүниеге келді.

Полиция генерал-майоры Демеуов Марат Ғанұлы 1957 жылы 23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1990 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін «заңгер» мамандығы бойынша бітірді. 1981 жылдың қазан айынан бастап, 1983 жылдың тамыз айына дейін КСРО ІІМ Алматы милиция мектебінің курсанты атанды. 1976 жылдың қазан айынан бастап, 1978 жылдың мамыр айына дейін Қарулы күштер қатарында қызметін атқарды. 1978 жылдың желтоқсан айынан 2001 жылға дейін ішкі істер органдарында бірқатар басшылық қызметте болды. 2001 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың шілде айына дейін Ақмола облыстық қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары болды. 2003 жылдың шілде айынан 2008 жылдың мамыр айы аралығында - Астана қаласының ІІД бастығының бірінші орынбасары. 2008 жылдың мамыр айы мен 2011 жылдың шілде айына дейін Астана қ. ІІД бастығы. 2011 жылдың шілде айынан бастап, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. Отан алдындағы ерекше еңбекі үшін бірнеше Үкіметтік наградалармен марапатталған.

5 3 жыл бұрын (1961) «Privateclinic Almaty» көпбейімді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты АРЫН Нұрлан Мұхтарұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1990 жылдары - Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері, 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.

Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. Нұрлан Арынның басшылығымен медицина ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 3 ғылыми жұмыс жинағы жарық көрген. Балалар хирургиясы саласының 1 докторын, 8 кандидатын даярлаған. Сондай-ақ республикалық және шетелдік конференцияларда, симпозиумдарда, съездерде баяндамалар жасаған.

«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

3 8 жыл бұрын (1976) ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі жетекшісінің орынбасары ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Ескендір Көпбосынұлы дүниеге келді.

Алматы облысындағы Қапшағай қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, заңгер.

1997 жылдан ҚР Жоғарғы сотында қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, іс жүргізу және бақылау бөлімінің рефренті, сот алқасының консультанты, қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2001 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2003 жылдан - ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан - ҚР Жоғарғы соты аппаратының кадрлар жұмыстары басқармасының бастығы, кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан - Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006 жылғы қарашадан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

30 1 жыл бұрын (1713-1759) Испанияның 1746-1759 жылдардағы королі ФЕРДИНАНД VI дүниеге келді.

7 6 жыл бұрын (1938-1982) неміс-француз кино актері, австриялық, неміс және француз киносының жұлдызы Роми ШНАЙДЕР дүниеге келді.