23 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 мамыр күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Назарбаев университетінде Сингапур Президенті Халима Якобтың қатысуымен дәріс өтеді. Саясаткер «Арыстан қаладан – Ұлы далаға» тақырыбында дәріс оқиды. Дәрістен кейін президент Халима Якобқа Назарбаев университетінің Құрметті профессоры атағы беріледі.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы қарсаңында су айдынындағы қауіпсіздік туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
14.30-да ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Адвокаттар мен заң консультанттарының білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырыс өткізеді.
15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өсімдіктер дүниесі туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сарапшыларының қатысуымен бөлшек салықтың арнайы салық режимін түсіндіру бойынша кездесу өтеді.
19.00-де Жастар театрында У. Шекспирдің «Ромео-Джульетта» қойылымы көрсетіледі.
19.00-де Астана қаласы филармониясының концерт залында «Аққу» фольклорлы-хореографиялық және «Арқа сазы» фольклорлық ансамбльдерінің концерті өтеді.