23 мамыр күні ҚР-ның бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз, найзағайлы және жаңбырлы болады
АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік аудандарында, орталығында және шығысындағы тұрақсыз ауа райы салдарынан 23 мамыр күні өткінші жаңбырлар мен екпінді жел болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нен.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде шуақты ыстық ауа райы күтілуде.
Күндіз Маңғыстау, Қызылорда облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамлдықпен жел соғады, жекелеген аудандарда - шаңды дауыл болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, күндіз Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқулары күтілуде.