23 мамырда Қазақстанның барлық өңірлерінде Халықаралық Олимпиада күні атап өтіледі - ҚР ҰОК
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 мамырда Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен Қазақстанның барлық өңірлерінде Олимпиада күні атап өтіледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Евгений Никитинский хабарлады.
«Біз бұл күнді қатарынан 20 жыл атап өтіп келеміз. Олимпиада күні Қазақстанның барлық өңірлерінде аталып өтетініне қуаныштымыз. Қазір шара бағдарламасы ұлғайды, классикалық спорт түрлерінен басқа ұлттық спорт түрлері пайда болды. Концерттер мен спорттық ойындар өтеді, оған Астанадағы барлық спорт алаңдары жұмылдырылады. Мұның барлығы Халықаралық Олимпиада күнін өткізу тұжырымдамасына сәйкес келеді», - деді Е.Никитинский. Сондай-ақ ол мерекелік шаралар арналып отырған негізгі себепке тоқталды. «Биылғы жыл ерекше. Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу құқығына бақ сынасуына мүмкіндік беретін ұйымдастыру комитеті жақсы жұмыс жасады, мереке осыған арналады», - деді Е.Никитинский. Елордалық шара бағдарламасы аясында 800 және 1200 метрге жеке жүгіру сайысы, асфальтта «Олимпиада жарыстары» сурет байқауы, мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жарыс, әкім Ә.Жақсыбековтың қатысуымен велосайыс өтетінін атап өткен жөн.