23 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 23 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

9.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы және еңбек инспекциясының тиімді қызметін қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында Орталық Азия елдері кәсіподақтарының аймақтық конференциясы өтеді.

9.30-да BCC Centre бизнес орталығында Астана қаласының VIII шақырылған мәслихат депутаттары, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев елордалық бизнес өкілдерімен кездеседі.

11.00-де ҚР орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі парламенттік комиссияның бірінші отырысы өтеді.

Комиссия отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде биылғы Құрбан айт туралы онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Астана қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов Астана қаласының бас имамы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Ұлттық архивте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отандық онкология саласының білгірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әлихан Хамзаұлы Досахановтың «Денге саулық, дертке шипа сыйлаған» атты жеке қорының ашылуы және «Алғашқы Алаш дәрігерлері» кітабының тұсаукесері өтеді.

11.00-де Роза Бағланова атындағы Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері «Домбыра мен жетіген үндестігі» атты дәріс-концертте оқушыларға осы және өзге де жайттар туралы айтып береді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Әділет органдарының қызметін жетілдіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

18.00-де Mega Silk Way ойын-сауық орталығында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен музыкалық дайындықты арттыру бойынша қарқынды мастер-класс және финалдық гала-концерт өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында CHANEL №5 деректі драмасы сахналанады.

19.00-де Astana Opera театрында «ОПЕРАЛИЯ» халықаралық фестивалі аясында екі актілі «Күлбике» балеті қойылады.


Соңғы жаңалықтар