14:11, 06 Желтоқсан 2015 | GMT +5
23 мектеп оқушысы торттан ұшынып ауруханаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутия тергеушілері Якутскіде 23 баланың торттан улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады РФ Тергеу комитетінің өңір бойынша басқармасынан. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Ведомство деректеріне сәйкес, сенбіде «Нарыйаана» дүкенінде үш мектеп қызметкерлері «Бал тортын» сатып алған. Оны жеген 14 жасқа дейінгі 23 бала ұшынып ауруханаға түскен. «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басқармасының ақпаратына сәйкес, тергеу тобы құрылды. Дүкен мен кондитерлік цех жұмысы тоқтатылды», делінген хабарламада. Роспотребнадзор Якутия бойынша басқармасы бұдан бұрын Якутскіде 34 улану жағдайы тіркелгенін хабарлаған. Ведомство ақпаратына сәйкес, стационарға 27 адам жатқызылған.