23 рет әлем чемпионы атанған ресейлік спортшы із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде Фридайвинг федерациясын басқаратын 53 жастағы Наталья Молчанова із-түзсіз жоғалған деп есептеліп отыр.
None
None

Испаниядағы Форментера аралында Ла Савинья порты маңында ол командасымен бірге су астына, 40 м тереңдікке түскен. Спортшылардың айтуынша, қаға беріс сәтте Наталья топтан бөлініп, көрінбей кеткен. Содан бері оны таба алмай жатыр.

Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, алайда еш нәтиже жоқ.

Наталья Молчанова фридайвинг шебері. Ол 23 рет әлем чемпионы атанып, 41 рет әлемдік рекорд орнатқан. Спортшы су астында 9 минут дем алмай тұра алатын алғашқы әйел атанды, деп жазды planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар