23 сәуір. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген. 1939-1940 жылдары Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болды. 1940 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өткен. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысқан. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатье, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асыруға қатысқан. Қасым Қайсенов соғыс жылдарында өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып, жауға дүркін-дүркін соққы берген. 1945-1953 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасында, Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандық кеңестерінің атқару комитетінде жауапты қызметте болған. 1953-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында, «Жазушы», «Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. ҰОС кезіндегі өзінің партизандық өмір жолы, қарулас достарының қаһармандық ерлік істері жайлы сыр шертетін «Жас партизандар», «Илько Витряк» «Переяслав партизандары», «Ажал аузында», «Партизан соқпақтары», т.б. әңгіме, очерк, повесть жинақтарын шығарған. Шығармалары орыс, украин, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Көркем аударма саласында М. Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед Кулизаде Жалилдің «Пошта жәшігі» кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.
3-дәрежелі «Б. Хмельницкий», 2 мәрте 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен, сондай-ақ «Чехословакия партизаны» орденімен, есімі жазылған қарумен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемдік-графикалық факультетін (1984) тәмамдаған.
Еңбек жолы: Шардара ауданы Қызылқұм ауылында орта мектеп мұғалімі (1984-1991); «Жас қазақ» бірінші республикалық демократиялық газетінің бөлім меңгерушісі (1991-1993); «Өркен» газетінің бөлім редакторы (1993-1998); «Қазақпарат» баспа корпорациясының вице-президенті (1998-2000); «Жас қазақ үні» газеті бірінші бас редакторы – директор (2000-2002); «Жас қазақ үні» газеті редакторлар кеңесі төрағасы – бас директор, «Жұлдыздар құпиясы» журналының бас редакторы, «Тұран» баспасының директоры (2009-2012); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі (2019 жылдан бастап).
2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде. «Құрмет» (2011), «Парасат» (2018) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Сергей Есенин» (2014) медальдарымен, «Мәдениет қайраткері» (2009), «Тіл жанашыры» (2011), «Ақпарат саласының үздігі» (2014) төс белгілерімен марапатталған. «Тәтті шөл» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын (2008) алған.
Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Киров ауданы Жамбыл колхозында туған. Талдықорған заң техникумын, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бакалавриатын бітірген.
Еңбек жолы: 1985-1993 жылдары – Талдықорған заң техникумының, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1985-1988 жылдары – Шымкент облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңсе меңгерушісі. 1993-1994 жылдары – Алматы қаласындағы «ШаҺар» архитектура-жобалық кооперативінде іс жүргізуші. 1994-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңесшісі, бас кеңесшісі, бас маманы, бөлім бастығы. 1999-2002 жылдары – Қызылорда облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары. 2002-2004 жылдары – Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы. 2004-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры. 2009-2016 жылдары – Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы. 2016 жылғы 24 наурыздан – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша сайланған, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
2021 жылдың қаңтар айынан 2023 жылға дейін Мәжіліс Төрағасының орынбасары болды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.