23 сәуірде Қазақстанда найзағай ойнап, жел күшейеді - ауа райы

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - 23 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейеді, республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде ғана антициклонның әсерінен күн ашық болады.
None
None

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Атырау облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болып, күндіз найзағай ойнайды.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнауы, күндіз желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі.

Алматы облысында түнде Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с-ке дейін жетуі күтіледі.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде судың деңгейі құбылады. Павлодар облысының шегінде Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасына су жіберілуінің артуына байланысты су деңгейінің көтерілуі жалғасады.

Соңғы жаңалықтар