04:38, 23 Сәуір 2014 | GMT +5
23 сәуірге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады. Ауа-райы жауын шашынсыз болғанымен, жел күшейеді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыс өңірде ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болуы ықтимал, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 17-22 метрге дейін соғады, тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с дейін жел күшейеді.