23 сәуір күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 23 сәуір күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Саха (Якутия) Республикасының «ЯКУТИЯ ҚАЗЫНАЛАРЫ» көрмесі ашылады.
11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «100 отандық комикс» жобасының алғашқы басылымы – «Керей және Жәнібек» комиксінің таныстырылымы өтеді.
11.30-да «BCC Centre» бизнес орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болады.
15.50-де «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Halyq Batyrlary» республикалық қоғамдық-патриоттық журналының тұсаукесерін өткізеді.
19.00-де Музыкалық жас көрермен театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.
19.00-де Astana Opera театрында Симфониялық музыка концерті өтеді.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Ұйқым келмейді» драмасы қойылады.