23 шілдеде республикада бұршақ жаууы ықтимал - синоптиктер болжамы
ТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Ертең, 23 шілде күні республика өңірлерінде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлады Қазгидромет орталығынан.
"Қазақстанның басым бөлігі әлі де атмосфералық ауа ағымының ықпалында, соның салдарынан жауын-шашын болып, күн күркірейді, қатты жел тұрады деп күтілуде. Тек республиканың батысында ғана аспан ашық болады", - деп хабарлады синоптиктер.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 17-22 метр/секунд жылдамдыққа дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 метр/секунд жылдамдыққа дейін жел күшейеді, дауыл болады.
Түнде және таңертең Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысында нөсер жауын болады, желдің екпіні 17-22 метр/секундқа дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.