Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

23 тамызда қанша сайлау учаскесі жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM — Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібін айтып берді.

Атырау облысында вахталық жұмысшылар үшін екі сайлау учаскесі құрылды
Фото: ҚР ОСК

— Дауыс беру 10423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның ішінде 61 шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілеттіктері жанында құрылған 79 сайлау учаскесі бар, — деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сонымен бірге, сайлаушылардың тіркелген орны бойынша құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы 07:00–ден кешкі 20:00–ге дейін жүргізіледі. Алайда кей учаскелерде өзгешеліктер болуы мүмкін.

— Әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, ҚР шет мемлекеттердегі өкілеттіктері жанында құрылған сайлау учаскелерінде егер тізімге енгізілген барлық сайлаушы дауыс берсе, учаскелік сайлау комиссиясы кез келген уақытта дауыс беруді аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердің саны — 625, — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.

Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайтынын жазғанбыз.