23 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 23 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

23 тамыз, СЕНБІ

Бүгін - Халықаралық жұмыс күшін сату құрбандарын еске алу күні. ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша, адамзат тарихындағы осы жайсыз жағдайлардан сақтандыру және құлдарды өз бостандығы үшін күресуге шақыру мақсатында аталып өтіледі.

Бүгін - Беларус Республикасының мемлекеттік статистика қызметкерлері күні. Бүгін - Ресей Федерациясының Әскери даңқ күні. Кеңес армиясының Курск иінінде неміс әскерлерін жеңген күні. Бүгін - Литвада аза лентасы күні. 1939 жылы тамыздың 23-інде Мәскеуде шабуыл жасамау және оған құпия хаттамалар (Молотов-Риббентроп келісімі) туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Бүгін - Украинаның Мемлекеттік Туы күні. Украина Президентінің Жарлығына сәйкес, жыл сайын 23 тамызда атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 18 жыл бұрын (1996) Алматы қаласында, Достық даңғылы мен Жамбыл көшелерінің қиылысына ақын Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орнатылды. 18 жыл бұрын (1996) Алматыда қырғыз елінің елшілігі ашылды. 8 жыл бұрын (2006) Көкшетауда «Шахматы Казахстана» атты республикалық журналдың алғашқы саны жарық көрді. Басылымның бас редакторы - әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев. Түрлі-түсті 34 беттік, әр тоқсанда бір рет шығарылатын журнал республика көлемінде таратылды. 99 жыл бұрын (1914) Жапония Германияға соғыс жариялады. 9 жыл бұрын (2005) Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Винное ауылының маңында жаңа ипподром ашылды. Жаңа ипподромның көрермендерге арналған трибунасы 500 орынға есептелген, сайыс алаңы - екі жарым километр. Жүгіру алаңының ені жарыстың он екі қатысушысына арналған. 7 жыл бұрын (2007) Астанадағы Конгресс-Холлда тәжік қылқалам шеберлерінің ең таңдаулы туындылары және фотосуреттер көрмесі болып өтті.

Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Қазақ әуендері» АҚ. Көрмеге 48 өнер туындысы қойылды. Жұртшылықтың назарына Лутфия Ашурованың «Таудағы көктем», «Табиғат көрінісі» атты қолдан тоқыған еңбектері, Заур Дахтенің «Ұйқыдағы Будда», ІІІ-V ғасырдағы «Ямчунь бекінісі» сияқты Тәжікстанның еңбек сіңірген суретшілері мен жас таланттардың елдің табиғатын, тұрмысын, саяси өмірін, ежелгі тарихын бейнелеген суреттері және фотосуреттері ұсынылды. 5 жыл бұрын (2009) Павлодарлық облыстық көркем мұражайында суретшi Камиль Катлеевтің көрмесi өттi.

Бұл суретшінің алғашқы көрмесі. Экспозицияларда 50-ден астам суреттер ұсынылған, онда Ертістегі күннің шығуы және батуы, жаздың ыстық күндері және қыстың көгілдір сәуле таратқан күндері бейнеленген. Камиль Катлеев бейнелеу өнерін белгілі Иван Лагутиннiң изостудиясындағы шеберханасында алпысыншы жылдары оқыған. Кейінен оқуын Омск педагогикалық институтының сурет-графика факультетінде жалғастырған. Суретшінің жұмыстары облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қойылған. ЕСІМДЕР 81 жыл бұрын (1933) американдық химик, Нобель сыйлығының лауреаты КЁРЛ Роберт Флойд дүниеге келді. 273 жыл бұрын (1740 - 1764) бүкілресей императоры ИВАН VI дүниеге келді. 134 жыл бұрын (1880 - 1932) орыс жазушысы, романтикалық реализм бағытының өкілі Александр ГРИН (шын есімі - Александр Стефанович Гриневский) дүниеге келді. 63 жыл бұрын (1950) Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі (2010-2011) президенті ОТЫНБАЕВА Роза Исаққызы дүниеге келді. 65 жыл бұрын (1949) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы Саяси ғылымдар академиясының академигі және бірінші вице-президенті БИЖАНОВ Ақан Құсайынұлы дүниеге келді.

Алматы қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Инженер-электрик, саясаттанушы. Саяси ғылымдар докторы. Саяси ғылымдар академиясының вице-президенті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі. Еуразия Экономикалық Қоғамдастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі. АҚШ Конгресімен, Корея Республикасының Ұлттық Жиналысымен, Чех Республикасының Сенатымен ынтымақтастық тобының мүшесі. «Құрмет» орденімен, ТМД ПАА «Содружество» орденімен, жеті медальмен марапатталған. 115 жыл бұрын (1899-1983) бельгиялық және американдық биохимик КЛОД Альбер дүниеге келді.

Бельгияда туған. 1929-1950 жылдары АҚШ-та тұрған. Ол биологияда алғашқылардың бірі болып электронды микроскопты пайдаланған. Оның көмегімен митохондрияның дем алу функциясын тапқан. 1974 жылы ол өзінің 2 әріптесімен физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығын иеленген. Ғалым Брюссель, Рокфеллер университеттерінің профессоры, Франция, Бельгия медицина академияларының мүшесі, Американың Ғылым және өнер академиясының құрметті мүшесі болған. 103 жыл бұрын (1911-1987) қазақтың белгілі сатирик-жазушысы, аудармашы АЛТАЙБАЕВ Жүсіпбек дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бтірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жауапты хатшы, «Вожатый» журналының редакторы, «Комсомол» баспасының редакторы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Талдықорған облыстық «Октябрь туы», Семей облыстық «Екпінді» газеттерінің редакторы, 1953-1959 жылдары - ҚазТАГ-тың жауапты басшысы, Қазақстан журналистер одағының хатшысы, 1961-1971 жылдары «Ара» сатиралық журналының редакторы болды. Н.Гогольдің Диканька хуторы жанындағы кештер», «И.Тургеневтің «Қарсаңда», М.Горькийдің «Фома Гордеев», Рафаэло Джованьолидің «Спартак» романдарын аударды. Үш рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Алматы көшелерінің біріне есімі берілді. 64 жыл бұрын (1950) Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармасының бастығы НӘБИЕВ Нұрлан Абзалұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Павлодар қаласының индустриалды институтын бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Қалқаман жол машиналар зауытында бастап, онда 1990 жылға дейін аға мастер, конструктор, бас технологтың орынбасары, бас инженердің орынбасары, бас инженер, зауыт директоры, 1990-1992 жылдары - халық депутаттары Кеңесінің Ермак аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1992-1995 жылдары - Павлодар әкімшілігі басшысы аппаратының бөлім меңгерушісі, 1995-1996 жылы - Павлодар облысы әкімінің сауда және өнеркәсіп департаменті бастығының орынбасары, 1996-1998 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, 1998-1999 жылдары Павлодар қаласының Индустриалды ауданының әкімі, 1999-2003 жылдары - Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі, 2003-2006 жылдары - Павлодар облысының экономика департаментінің директоры, 2006-2007 жылдары - Павлодар облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. 2007-2010 жылдары - Екібастұз қаласының әкімі. Қазіргі қызметінде - 2010 қараша айынан.

«Құрмет» орденімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасына 10 жыл» (2005) медальдарымен, «Изобретатель ССР» белгісімен марапатталған. 57 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени дамуының комитетінің мүшесі ИСІМБАЕВА Гүлмира Истайбекқызы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша, сондай-ақ С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын мұғалім, орта мектеп директорының орынбасары болып бастаған. 1990 - 1993 жылдары - XII сайланған Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ғылымды дамыту және халыққа білім беру мәселелері жөніндегі комитетінің хатшысы, комитет төрағасының орынбасары. 1993 - 2007 жылдары - Алматы қаласы білім департаментінің директоры. 2007 - 2011 жылдары - ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығының, 11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 1-сыныпқа арналған «Букваренок» оқу құралының, «Языковое самосознание и мотивация языков» оқулығының авторы. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, омырау белгісі ұсыныла отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Ы. Алтынсарин омырау белгісімен, «М.В. Ломоносов» медалімен, А.С. Пушкин медалімен, грамоталармен, Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған. 57 жыл бұрын (1957) педагогика ғылымдарының докторы ҚЫШҚАШБАЕВ Тілеуғали Әшірбекұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1981 жылы Құрманғазы атындағы Алматты мемлекеттік консерваториясын бітірген. Еңбек жолын Балқаш қаласында педагогикалық училище оқытушысы болып бастады. 1983-1988 жылдары - П.Чайковский атындағы музыкалық училище оқытушысы. 1988-1994 жылдары - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1996-1998 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі өнер басқармасының бастығы. 1998-2000 жылдары Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы. 2000-2008 жылдары - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры. 2008 жылдан 2012 жылғы наурызға дейін «Тәуелсіздік сарайы» КМҚК директоры. 2012 жылғы 12 наурыздан - Мәдениет жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Президентінің құрмет грамотасымен және алғыс хатттарымен марапатталған. 66 жыл бұрын (1948) ҚР Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық директорының орынбасары ЗЕЙНЕЛҒАБДИН Алтай Болтайханұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. 1969 жылы институты бітіргеннен кейін еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау Бас есептеу орталығында аға инженерден бастады, 1972 жылға дейін аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі қызметтерін атқарды. 1972-1978 жылдар аралығында - КСРО-ның Бүкілодақтық мемлекеттік жобалау-технологиялық институтының бригада жетекшісі, сектор меңгерушісі және бас конструкторы. 1978-1985 жылдар аралығында - Алматы халық шаруашылығы институтының қаржы айналымы және несие кафедрасында аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы және доцент. 1985-1993 жылдар аралығында - Қазақ КСР Қаржы министрлігінің Ақпараттық есептеу орталығы директорының жобалау жөніндегі орынбасары, директоры. 1993-1995 жылдар аралығында - Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Қаржы-банк менеджменті ғылыми зерттеу институтының директоры. 1995-1997 жылдар аралығында - ҚР Қаржы министрлігі Бас басқармасының бастығы, департамент бастығы, бюджет департаментінің директоры. 1997-1999 жылдар аралығында - Сыртқы займ жөніндегі комитеттің төрағасы. 1999-2002 жылдар аралығында - профессор, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқу-ғылыми кешенінің директоры. 2002 жылы Есеп комитетінің аппарат басшысы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 5 мамырдағы және 2008 жылғы 5 тамыздағы Жарлықтарымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2006), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2008), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011) марапатталды. 45 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі ИСАЕВА Гүлмира Сұлтанбайқызы дүниеге келді. Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Ет және ет өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтын үздік бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1996 ж.), философия докторы (PhD, 2010). Еңбек жолын 1991 жылы тамыз айынан Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтының Ет және ет өнімдерінің технологиясы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. 1991-1994 жж. - Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технология институтының аспирантурасында оқыған. 1994-1998 жж. - Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технология институтында әр түрлі қызметте болды. 1998-2000 жж. - «Еңбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ет және ет өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі бас технологы. 1996-2001 жж. - Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ғылыми кеңесшісі, зоотехник-селекционері. 2001-2007 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы технологиясы факультетінің декан орынбасары, аға оқытушысы. 2007-2011 жж. - «Сrown Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мал шаруашылығы және етті қайта өңдеу департаментінің директоры, коммерциялық директоры.

Соңғы жаңалықтар