23 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 23 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру, жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері қаралады.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Қауіпсіз жол» акциясын өткізу қорытындылары туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы м.а. Жандос Мұратәлиев.

12.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде елордалық кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездеседі. Кездесуге «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Аймақтарда экологиялық мәселелер қалай шешілуде?» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында VIII Армия халықаралық ойындарының салтанатты жабылуы, сондай-ақ Қазақстан аумағында өткізілген конкурстардың жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтеді.

15.00-де ақын, публицист, ағартушы Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Алты алаштан сөз оздырған» атты әдеби-сазды кеші өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.


Соңғы жаңалықтар