23 жастағы ана сәбиіне сүтке қосып арақ берген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа туған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ростов облысы тергеу комитетінің мәлімдеуінше, 23 тамызда Шолохов ауданындағы үйлердің біріне шақыру бойынша барған дәрігерлер өлі нәрестенің үстінен шыққан.
Егжей-тегжейлі тексеру барысында сәбидің араққа уланғаны анықталды. 23 жастағы ана баланы тамақтандырғанда үнемі сүтке арақ араластырып беретін болған. Туу туралы куәлікте нәрестенің жақында - 9 шілдеде дүниеге келгендігі жазылған.
Әйелдің үстінен қылмыстың іс қозғалды, тергеу жалғасуда, деп хабарлайды planet-today.ru.