23 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 желтоқсан күні Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.

23 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысында желдің күшеюі 18-23, күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 18-23, күндіз екпіні 30 м/с-тан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кейбір жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, тұман, бұрқасын болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетіп, бұрқасын, көктайғақ бақыланады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел 17-22, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде, күндіз территорияның басым бөлігінде бұрқасын болады. Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасынмен болады. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ бақыланады. Манғыстау облысында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады.