24-25 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты. Даму перспективалары» атты халықаралық конференция өткізеді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - «24-25 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты. Даму перспективалары» атты халықаралық конференция өткізеді», деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, конференцияда 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасы және оны жүзеге асырудың әрі қарайғы даму жолдары талқыланады. Ондағы мақсат - азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік көмек алу құқығын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, жиында амбулаториялық дәрілік қамсыздандыру жүйесін дамыту стратегиясы, формулярлық жүйе, дәрілік құралдармен жабдықтау жүйесі, дәрілік құралдарды тіркеу мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен қарастырылады. Конференцияға бұған қоса Қазақстандағы фармацевтикалық білімнің және клиникалық фармакология қызметінің жағдайы мен даму перспективаларын талқыға салады.

Аталмыш шараға медициналық ұйымдар, кәсіби қоғамдық бірлестіктер, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы ұйымдар, фармацевтикалық компаниялар, Халықаралық қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНИСЕФ өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар