24/7: Коронавирусқа байланысты Ұлттық сараптама орталығы үзіліссіз істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық сараптама орталығының төтенше жағдай кезіндегі жұмысы жайлы видеоролик жариялады. Лаборатория мамандары қазір тәулік бойы жұмыс істеуді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24/7: Коронавирусқа байланысты Ұлттық сараптама орталығы үзіліссіз істейді

«Орталықтың дәрігерлері тұмау және тұмауға ұқсас ауруларға зерттеу жүргізіп жатыр. Дәл осы жерде коронавирус инфекциясының РНҚ-сын анықтау жұмыстары атқарылады. Жалпы коронавирус – РНҚ-сы (рибонуклеин қышқылы) бар вирус, ол тұмау инфекциясына жатпайды. Біз мұрын және ауыз қуысынан жұғынды алып, тексереміз. Себебі ол вирус жоғары тыныс алу жолдары арқылы ағзаға енеді», - дейді Ұлттық сараптама орталығы вирусология лабораториясының меңгерушісі Айнаш Мақышева.

Бүгінде зертхана коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалға байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

«Лабораторияға анализ түскен бетте 6-7 сағаттың ішінде қорытындысы дайын болады», - дейді ол.