24 ақпан күні ел аумақтарын тұман басып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 ақпан күні елдің батыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады, жел күшейеді.

24 ақпан күні ел аумақтарын тұман басып, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік  Қазақстан, Павлодар  облыстарының кей  жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының жекелеген жерлерін түнде тұман басады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпінмен соққан желдің күші 29 м/с жетуі ықтимал.

Атырау, Батыс Қазақстан , Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжанады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейетіндігі күтіледі.