24 ақпан. Тұлғалар туған күн
ЕСІМДЕР
52 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Тұрарұлы НҮСІПОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ Мемлекеттік әлем тілдері университеті неміс тілі факультетінде (1993), Венадағы дипломатиялық академияда (1995), Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Экономика факультетінде (2005) білім алған.
Еңбек жолы: 1994 жылы қаңтар айынан бастап ҚР СІМ жүйесінде қызмет атқаруда. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы. 1995-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі, бөлім бастығы. 2005-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, Экономика бөлімнің басшысы. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2014 жылғы шілдеден – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Уақытша-сенімді өкілі. 2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры (2019 жылдан); ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей, Кавказ және ТМД-ның Еуропалық елдері департаментінің директоры.
Қазіргі қызметінде 2021 жылғы ақпаннан бері.
50 жыл бұрын (1973) «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Алғаұлы АХМЕДЬЯРОВ дүниеге келді.
1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, 2001 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын музыка өнері мамандығы бойынша тәмамдады.
Еібек жолы: 1995–1997 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. 1998–2007 жылдары ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінде ұлттық аспаптар ансамблінің солисі, жетекшісі, 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінде Өнер басқармасының басшысы болды. 2008–2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ басқарды, 2012-2013 жылдары «Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі, 2013-2014 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның президенті, 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның президенті болды. 2014 жылдың 3 қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарды.
2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.
49 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Асқар Жеңісұлы ШОҚЫБАЕВдүниеге келді.
1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметінің референті, атташе, үшінші хатшысы (1997-2000); «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы хаттама секторының меңгерушісі (2000-2001); «Қазақтелеком» ААҚ ұйымдастыру-бақылау департаменті директорының орынбасары (2001-2002); «ҚазТрансГаз» ЖАҚ менеджері (2002-2003); ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (2003-2004); ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы (2004-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің басқарма бастығы (2007-2008); ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас консультанты (2008); Стамбулдағы (Түркия) ҚР бас консулы (2008-2012); Дубайдағы (БАӘ) ҚР бас консулы (2012-2014); Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (2014-2020); ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы (2020-2021).
Қазіргі қызметінде – 2021 жылдан бастап.
47 жыл бұрын (1976) Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы СҰЛТАНҒАЗИЕВ дүниеге келген.
Алматы облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (1997); Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2010) бітірді.
Еңбек жолы: салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет етті (1997-2002); Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы (2002-2006); Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық апелляциясы, түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2006-2007); Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық аудиті басқармасының бастығы (2007-2008); Алматы қаласы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары (2008-2010); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден саясаты талдау және болжамдау департаментінің директоры (2010-2011); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамалары мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжамдау департаментінің директоры (2011-2012); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі (2012-2013); Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі («А» корпусы) (2013-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2014-2017); Республикасы Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі (2017-2018); ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы (2021-2022). Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі (01.2022-06.2022)
Қазіргі лауазымын атқаруға 2022 жылдың маусым айында кірісті.
47 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Сейдахметұлы ҚҰТТЫҚАДАМ дүниеге келді.
Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1998).
Еңбек жолы: ҚР СІМ екіжақты ынтымақтастық департаменті Еуропа және Америка басқармасының референті (1998); ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші хатшы (1999-2001); Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы (2001-2004); Еуропа және Америка департаментінде және Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінде бірінші хатшы (2004-2005); ҚР СІМ Ақпараттық-талдау жұмысы және болжамды бағалау департаментінің бөлім бастығы (2005); Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі (2005-2007); ҚР ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесшісі (2007-2009); ҚР СІМ ЕҚЫҰ департаментінің басқарма бастығы, директорының орынбасары (2010-2011); ҚР СІМ Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2011-2012); Қазақстанның Канададағы елшілігінің кеңесші-уәкілі (2012-2013); ҚР Малайзиядағы Елшілігінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау департаменті директорының орынбасары (2016-2018); Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі (2018-2019); ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2018-2022).
Қазіргі лауазымында – 2022 жылдың қазаннан бастап.
36 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Нұрланұлы ШАЙМАРДАНОВ дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген (2009).
Еңбек жолы: Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы (2009-2010); «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері (2010-2013); Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (2013-2014); Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2014-2016); «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры (2016-2019); «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2020); ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (2020-2022).
Қазіргі лауазымында – 2022 жылдың ақпаннан бастап.