24 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді. Отырыс senate.parlam.kz сайтында онлайн көрсетіледі.
11.00-де Есіл ауданының полиция басқармасында «Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің көші-қон басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
14.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлеріне төлемдердің мөлшерлемесін төмендету туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы; ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаментінің директоры Ошурбай Мәнсүр Тұрсынұлы; «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрайымы Самат Жанат Саматқызы.
Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.
15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) суретші Гүлмарал Тәтібаеваның «Ойтолғау» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған.
15.00-де Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Электр энергетикасы нарығын дамыту: үрдістер, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.