24 қаңтар күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 қаңтар күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

10:00-де ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

11:00-де «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде Болат Жәмішевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

Өтетін орны: Сығанақ көшесі, 17/10.

16:00-де Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша отырысы өтеді.