22:46, 23 Қаңтар 2018 | GMT +6
24 қаңтарда Ақмола облысының оқушыларына сабақ болмайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үскірік аязға байланысты 24 қаңтарда 0-11 сыныптарда оқитын оқушылар мен өңірдегі колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«24 қаңтарда Ақмола облысында 33-38 градус аяз болады. 0-11 сынып оқушылары мен коллдждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды»,-деп хабарлады 112 қызметі.