24 қаңтарда Қазақстанда телеарна мен радио уақытша жұмыс істемейді

уақытша жұмыс істемейді
Фото: Мухтар Холдорбеков/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 24 қаңтар күні телерадио хабарын тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. 

«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.

«Осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар