24 қараша. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

24 қараша. ДҮЙСЕНБІ
Конго Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - Төңкеріс күні (1965).
Түркияда Мұғалімдер күні.
АҚШ-та достар табу және адамдарға әсер ете алу күні. АҚШ-та «Қайтіп достар табуға және адамдарға әсер ете алуға болады» кітабының авторы Дейл Карнегидің туған күнінде атап өтіледі.
Батыс Самоада Әйелдер күні. Самоа - Гавай аралдары мен Жаңа Зеландия арасындағы жарты жолда, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі мемлекет, Самоа архипелагының батыс бөлігі - Савайя, Уполу, Аполима және де басқа аралдарында жайғасқан. Астанасы - Апиа. Мемлекеттік құрылымы - конституциялық монархия, британдық Достастыққа кіреді. Мемлекет басшысы - тайпалық көсем (монарх). Заң шығарушы орган - бірпалаталы парламент - Ұлттық заң шығарушы жиналыс. Сот билігі - Жоғарғы сот. Әкімшілік-аумақтық құрылымы - 11 округтер. Ресми тілдері - самоа тілі мен ағылшын тілі. Ақша бірлігі - тала (самоа доллары).
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
5 3 жыл бұрын (1961) Жезқазған қалалық кітапханасына Мұхтар Әуезов есімі берілді.
1 4 жыл бұрын (2000) «Қазақстан» журналы жарық көрді.
10 жыл бұрын (2004) Алматыда көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Сауық Тәкежанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.
С.Тәкежанов еліміздің металлургиялық саласын дамытуға зор үлес қосқан. Оның тікелей қатысуымен жаңа өндірістер ашылып, жаңа технологиялар мен жабдықтар жасап шығарылған, олар тек республикада ғана емес, тысқары мемлекеттерде де қолданылып, кеңінен іске қосылған. Білікті басшы бастамасымен «Қазақстан алтыны» бағдарламасы жүзеге асырылды. С.Тәкежанов кәсіби деңгейлері аса жоғары ғылыми және инженер-техник мамандар дайындауға да қомақты үлес қосқан. Дарынды қайраткердің жемісті еңбегін әлемдік ғылыми қауымдастық та орынды бағалаған.
Ленин, төрт мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» орденімен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургы», «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнертапқышы».
10 жыл бұрын (2004) 24-28 қарашада Петропавл қаласында Әлем кубогының иегері, КСРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кәміл Сафиннің жүлдесі үшін жастар арасындағы бокстан турнир өтті. Оған Қазақстаннан, Қырғызстан мен Ресейден 315 жас боксшылар қатысты. Петропавлдық Г.Окунев үздік боксшы деп танылды, ал турнирдің үздік төрешісі атағын алматылық С.Жақыпов иеленді.
10 жыл бұрын (2004) Ақтөбеде «Көгілдір құс» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығы фестивалі болып өтті. Ұйымдастырушылар - қалалық әкімшілік, сал болып қалған азаматтарды қорғау одағы. Фестиваль мақсаты - талантты мүгедек балаларды тауып, қолдау көрсету және оларды қоғамдық қарым-қатынастарда өздерін еркін сезінуіне жәрдемдесу.
8 жыл бұрын (2006) Алматыда «SOMUART-2006» І әлеуметтік музыкалық арт-фестиваль өтті. Оны Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП) ұйымдастырған. Өнер фестивалінің мақсаты - жастардың және қоғамдастықтың Алматыдағы кейбір кезек күттірмейтін әлеуметтік мәселелеріне назар аудару.
9 жыл бұрын (2005) Алматыда М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында қаламгер Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір» музыкалық драмасының премьерасы болды.
Жаңа спектакльдің режиссері - Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев, қоюшы-суретшісі - М. Сапаров. Спектакльде Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың әндері пайдаланылған. Басты рольдерде Рахила Машурова, Бекжан Тұрысбек, Дулыға Ақмолда, Асылбек Боранбай және басқа да әртістер ойнады. «Қара кемпір» - сол әзіз де, азалы аналардың бірі, әрі бар аналардың жиынтық бейнесі. Қойылым бастан-аяқ Ана қарғысын адамзат қасіреті - сұм соғысқа қарсы қоя білумен ерекшеленеді. Мұндағы Ана - жарық күннің, жасампаздықтың символы, тіршіліктің өзегі.
7 жыл бұрын (2007) Ақтауда геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Лениндік сыйлықтың және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахмардан Есеновке ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара Қазақстанның, Маңғыстау өңірінің геология ғылымын дамытуға баға жетпес үлес қосқан ғалымның 80 жылдығына орайластырылған.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда Қытайдағы қазақ әдебиетінің классигі, белгілі саяси қайраткер, шыңжаңдық қандасымыз Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романының тұсаукесер рәсімі өтті.
5 жыл бұрын (2009) Лондонда Қазақстан туралы алғашқы «Горилла Гайд или как выжить в джунглях бизнеса Казахстана» атты бизнес-анықтамалықтың таныстырылымы өтті.
Алғаш рет ағылшын тілінде шығарылып отырған іскерлік анықтамалықты британдық Стэйси Интернэшнл баспасы әзірледі. Оның таныстырылымы Лондон директорлар институтында болды.
Басылым авторларының бірі Майкл Фергюс - экономист және жазушы, ол бұған дейін де республика бойынша ақпарат беретін жалпы сипаттағы анықтамалықты шығарған болатын. Қазақстандық автор Виталий Кротовпен бірлесіп жазылған жаңа кітап біздің елмен іскерлік байланыстарды орнатуға мүдделі батыстық кәсіпкерлерге арналған.
Кітапта тарихқа қысқаша шолудан бастап, ұшақтар кестесіне дейін әр түрлі тақырып мол қамтылған.
4 жыл бұрын (2010) Алматыда даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының «Книга, написанная кровью» атты кітабының қазақ тіліне аударылған нұсқасы жарық көрді.
Кітап «Полиграфкомбинат» ЖШС-нің баспасынан 1000 данамен басылып шықты. Оны аударған белгілі зерттеуші, М.Х. Дулати қоғамдық қорының директоры Мұхтар Қазыбек.
4 жыл бұрын (2010) ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі www.baq.kz порталының тұсауын кесті. BAQ.KZ ақпараттық порталы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту мақсатында құрылған.
3 жыл бұрын (2011) Астанада Елбасы Н. Назарбаевтың ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы күрделі бейнесі «Терең тамырлар» аллегориялық драмасында сахналанды. Қоюшы режиссері - Нұрлан Жұманиязов. Қойылым ҚР Тәуелсізігінің жиырма жылдығына және тәуелсіздіктің бүгінгі кіндігі, бүгінгі символы - Астана қаласына арналып отыр.
ЕСІМДЕР
8 1 жыл бұрын (1933-1997) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі АЙНАҚҰЛОВ Тұрсынжан дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Алматы музыкалық училищесін бітірген. Өнер жолын Еңбекшіқазақ ауданы ұжымшар-кеңшар театрларының сахнасынан бастап, Талдықорған облыстық драма театрында актер болып қызмет етті. Айнақұлов ұлттық және аударма драматургия бойынша қойылған спектакльдерде әр алуан рөлдерді Кебек, Абыз, Асан, Алшағыр, Майқан (М. Әуезов «Еңлік - Кебек», «Қарагөз», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын»), Қозы, Науан хазірет (Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты»), Сапар, Сардар (Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында», «Өзіме де сол керек»), Досан (Б.Майлин «Майдан»), Әбілқайыр (Т.Ахтанов «Ант»), Ақсақ Темір (И.Оразбаев «Күшігінен таланған»), Алексей (В.Вишневский «Оптимистік трагедия»), Хлестаков (Н.Гоголь «Ревизор»), Лир (У.Шекспир «Король Лир») ойнады. Ойнайтын рөлінің сахналық кескін-келбетін шынайы көрсету, мінез ерекшелігін даралау әрі психологиялық тұрғыдан нанымды бейнелеу Айнақұловтың актерлік шығармашылығына тән қасиет.
Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
11 9 жыл бұрын (1895-1983) қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы БЕГАЛИН Сапарғали Ысқақұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген.
1929-1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1960 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңі - «Қазақ бозбалаларына» деген атпен 1914 жылы «Айқап журналының» №9 санында басылды. Алғашқы кітабы «Қыран кегі» 1944 жылы жарыққа шықты. 1948 жылы басылған «Көксегеннің көргендері» повесі артынан орыс тіліне аударылған. 50-60 жылдары «Жас бұтақ», «Ермектің алмасы», «Бақыт», «Жеткіншектер», «Ананың күші», «Мектеп түлектері» әңгімелер жинақтары, өлеңдер мен поэмалар жинағы «Сырлы қайнар», «Цимлян теңізі», «Көтерілген тың» шыққан. Жазушы Шоқан Уәлихановтың бейнесін жасауда көп жұмыс істеген, нәтижесі - «Шоқанның балалық шағы», «Шоқан асулары» повестері, «Замана белестері» романы жарық көрді. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды, өнер саңлақтары жөнінде, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне аударылған. С. Бегалин А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Д. Мамина-Сибиряктың, Н. Лесковтың және тағы басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Халықтар Достығы, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
5 7 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі КАППЕЛЬ Егор Яковлевич дүниеге келді.
Ақмола облысының Оксановка ауылында туған. Целиноград қаласындағы инженерлік - құрылыс институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Ақмола облысы Вишнёвка ауданының «Вячеславский» совхозында аға прораб болып жұмыс істеген. 1986 -1990 жж. - Ақмола облысы Вишнёвка аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1990-1995 жж. - Ақмола облысы Вишнёвка ауданы «Анар» совхозының директоры. 1995 - 2004 жж. Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі. 2004 - 2007 жж. - Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі. 2007- 2011 жж. - IV сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап V сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, «ҚХА» депутаттық тобының мүшесі. «Құрмет» және II дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.
4 4 жыл бұрын (1970) ҚР Қарушы Күштерінің Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы ОСПАНОВ Дәулет Рысқұлбекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған, генерал-майор. (05.05.2011), орта мектептен кейін Рязань жоғары эскери командалық байланыс училищесін (1992), ҚР ҚК Әскери академиясын бітірген (2000). Рязан ЖӘКБУ тыңдаушысы (1988-92), Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі - байланыс бастыгы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі (1992- 98), ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығынын (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары - жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы, бригада командирі (1998-2008), ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық Басқармасының бастығы (2008-10), 2010 жылы сәуірінеи ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы ақпаннан бері. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.
5 3 жыл бұрын (1961) Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары ҚУАТБЕКОВ Әлихан Жұмаханұлы дүниеге келді.
1985 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы, «инженер-механик» біліктілігі бойынша бітірді. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын «мемлекеттік және жергілікті (муниципалды) басқару» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірді.
Еңбек жолын 1985 жылы «Прибалхашстрой» трестінің автобазасы, теміржол конструкцияларды тиеп қою шебері болып бастады. 1987-1988 жылдар аралығында «Прибалхашстрой» трестінің автобазасы, автоколоннаның бастығы қызметін атқарды. 1988 - 1996 жылдары «Прибалхашстрой» трестінің автобазасында бас механигінің міндетін атқарушы, «Прибалхашстрой» трест автобазасының комсомол комитетінің хатшысы, «Прибалхашстрой» тресті, бас инженері, автобаза бастығы. 1996-1999 жылдар аралығында механикаландырылған көлік басқармасының директоры. 1999-2003 жылдар аралығында Балқаш қаласы көлік департаметінің бастығы. 2003 - 2005 жылдары Балқаш қаласы әкімінің орынбасары. 2006 жылдың наурыз - мамыр айларында Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлімінің бастығы. 2006-2007 жылдар аралығында Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты инфрақұрылым бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2007 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
4 2 жыл бұрын (1972) қазақстандық тарихшы-дінтанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің бас директоры «Назарбаев орталығы» көпфункциональды ғылыми -талдамалық және гуманитарлық ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары ЕСКЕНДІРОВ Мейір Ғарифоллаұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін бітірген.
1995 жылдан - Семей мемлекеттік университетінде тарих факультетінде оқытушы, ректордың көмекшісі, маркетинг және жалпы мониторинг қызметінің жетекшісі, проректор, бірінші проректоры.
«Социальное и экономическое развитие Восточного Казахстана (вторая половина ХІХ - начало ХХІ вв.)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстары Шығыс Қазақстанның тарихи мәселелеріне («Восток Казахстана на стыке столетий, вторая половина ХIХ - начала ХХІ вв.»; «Восточный Казахстан в годы силовой модернизации, 20-30 гг.») арналған.
Ы.Алтынсарин медалімен ҚР ҰОК құрмет белгісімен марапатталған, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.
28 5 жыл бұрын (1729-1800) орыс қолбасшысы, генералиссимус СУВОРОВ Александр Васильевич дүниеге келді.
14 5 жыл бұырн (1869-1951) португал әскери және саяси қайраткері, Португалия маршалы Антониу Ошкар ди Фрагозу КАРМОНА дүниеге келді.
11 6 жыл бұрын (1898-1969) ҚХР мемлекет қайраткері, Қытай Коммунистік партиясы басшыларының бірі, 1959-1968 жылдардағы ҚХР Төрағасы Лю ШАОЦИ дүниеге келді.
80 жыл бұрын (1934-1998) орыс композиторы, музыка теоретигі және педагог ШНИТКЕ Альфред Гарриевич дүниеге келді.
7 3 жыл бұрын (1941) кеңестік және ресейлік тележүргізуші, КТК ұйымдастырушысы және жүргізушісі МАСЛЯКОВ Александр Васильевич дүниеге келді.