24 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

24 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-деҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Wyndham Garden Astana қонақүйінде ТМД елдерінің құрылыс саласын цифрландыру бойынша форум өтеді.

10.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында «Kaztraffic-2022» VIII халықаралық көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

10.00-де «Қазанат» ипподромында Астана қаласы төтенше жағдай департаменті «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізеді.

10.00-де Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады. Онда ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат ұсыну тақырыбы қаралады.

11.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде ХІІІ Қысқы қайырымдылық балы туралы баспасөз таңғы асы өтеді.

11.00-де«Нұрлы орда» бизнес орталығында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындауға бағытталған «Армандар орындалады» республикалық акциясын қорытындылайды.

14.00-де «Жастар» сарайында бос жұмыс орындарына арналған жалпықалалық жәрмеңке өтеді.

15.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісі сахналанады.

16.00-де Астанада мәслихатында «Әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-ны дамыту перспективалары туралы» туралы қоғамдық тыңдау өтеді.

19.00-деЖас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.


Фото: pixel-shot.com