18:11, 23 Қараша 2014 | GMT +5
24 қараша күні түнде Байқоңырдан «Союз ТМА-15М» кораблі ұшырылады - ФОТО
БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ. ҚазАқпарат - Басқарылатын ғарыш кешендерінің ұшу сынақтарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік комиссия Роскосмос басшысы Олег Остапенконың басшылығымен «Союз ТМА-15М» көліктік басқарылатын кораблінің экипажы ғарышқа ұшатынын нақтылады.

Ұшуға бекітілген негізгі құрамға «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Антон Шкаплеров, «Союз ТМА-15М» БҒК (ЕКА) 1-бортинженері Саманта Кристофоретти және «Союз ТМА-15М» (ЕКА) 2-бортинженері (НАСА) Терри Вёртс кірді.
Олардың дублерлары «Союз ТМА-15М» (Роскосмос) БҒК командирі Олег Кононенко, «Союз ТМА-15М»БҒК (ДжАКСА) 1-бортинженері Кимия Юи, және «Союз ТМА-15М» БҒК (НАСА) 2-бортинженері Челл Линдгрен болып бекітілді.
«Союз ТМА-15М» көліктік басқарылатын кораблімен «Союз-ФГ» зымыраны 24 қараша күні түнде Астана уақыты бойынша сағат 03:01 минутқа жоспарланды.