24 қараша. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 24 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР


null 123 жыл
 бұрын (1895-1983) қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, жазушы, аудармашы Сапарғали Ысқақұлы БЕГАЛИН дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген.

1929-1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб басқармасында жауапты жұмыстар атқарды. 1935-1960 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңі - «Қазақ бозбалаларына» деген атпен 1914 жылы «Айқап журналының» №9 санында басылды. Алғашқы кітабы «Қыран кегі» 1944 жылы жарыққа шықты. 1948 жылы басылған «Көксегеннің көргендері» повесі артынан орыс тіліне аударылған. 50-60 жылдары «Жас бұтақ», «Ермектің алмасы», «Бақыт», «Жеткіншектер», «Ананың күші», «Мектеп түлектері»  әңгімелер жинақтары, өлеңдер мен поэмалар жинағы «Сырлы қайнар», «Цимлян теңізі», «Көтерілген тың» шыққан. Жазушы Шоқан Уәлихановтың бейнесін жасауда көп жұмыс істеген, нәтижесі - «Шоқанның балалық шағы», «Шоқан асулары» повестері, «Замана белестері» романы жарық көрді. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап жинақ етіп шығарды, өнер саңлақтары жөнінде, жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне аударылған. С. Бегалин А. Пушкиннің, М. Лермонтовтың, Д. Мамин-Сибиряктың, Н. Лесковтың және тағы басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Халықтар Достығы, 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

null 57 жыл бұрын (1961) Қазақ эстрада театрының бас директоры, «Бауыржан-шоу» театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанда «Сатира және әзіл» бірінші эстрадалық театрының негізін қалаушы Бауыржан Сабзалыұлы ИБРАГИМОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтын (инженер-құрылысшы), Жүргенев атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын (драма және кино актері) тәмамдаған.

Еңбек жолы: «Тамаша» телетеатрының актері әрі коммерциялық директоры (1988-1992), Алматы қаласындағы Теміржолшылар сарайының бас директоры (1992-1998), Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрының бас директоры (1998-2002), «Ақбура» өндірістік кооперативінің директоры (2002-2007), «Фуд-Стар» ӘКБ басқарма төрағасы (2007-2012); Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (2012-2016), «BNB-Group»  құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы (2016 жылдан бастап).

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, халықаралық эстрада әртістері байқауының лауреаты, Мәскеу қаласы.

null 48 жыл бұрын (1970) «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Дәулет Рысқұлбекұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған, генерал-майор. (05.05.2011), орта мектептен кейін Рязань жоғары эскери командалық байланыс училищесін (1992), ҚР ҚК Әскери академиясын бітірген (2000). Рязань ЖӘКБУ тыңдаушысы (1988-1992), Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі - байланыс бастыгы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі (1992-1998), ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығынын (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары - жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы, бригада командирі (1998-2008), ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық Басқармасының бастығы (2008-2010), 2010 жылы сәуірінеи ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, ҚР Қарушы Күштерінің Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.

Қазіргі қызметінде 2015 жылдың қазан айынан бері. 2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум