24 қазан - «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні. 1955 жылдың 12 ақпанында КСРО Үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу туралы шешім қабылдады.  
None
None

1960 жылдың 24 қазанында М.Янгель құрастырған Р-16 атты жаңа континентаралық баллистикалық зымыран сынақ барысында апатқа ұшырады. Апат электрлік сынақ жүргізу сәтінде жанармаймен жабдықталған зымыранның 2-інші сатыдағы қозғалтқышының жүйеге рұқсатсыз қосылып кетуінен болды. Салдарынан өрттен және жанармайдан уланған 76 әскери қызметкер мен өнеркәсіп өкілдері опат болды. Олардың арасында артиллерияның бас маршалы М.Неделин, полигонның сынақ жетекшілері полковниктер А.Носов пен Е.Осташев бар. Бүгінде олардың есімдері Байқоңыр қаласындағы көшелерге берілген.

Жыл сайын қазан айының 24-ші жұлдызы «Байқоңыр» ғарыш айлағында қаза тапқан сынақшыларды еске алу күні ретінде атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар