24 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

аңдатпа
Фото: Pexels

9.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясы қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференцияның екінші күні өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Медициналық туризм» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер: «Астана даму орталығы» ЖШС медициналық туризмді дамыту жөніндегі басқарушы директоры Дарина Демян.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Fасеbook парақшасында тікелей эфирде өтеді. 

11.00-де Qazaqstan орталық концерт залында Республика күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтеді. Онда еліміздің туризм және спорт саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлер Мемлекеттік наградалар, ҚР Премьер-Министрінің құрмет грамотасы және ведомствалық төс белгілермен марапатталады.

12.00-де әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Республика күніне орай білім саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету рәсімі өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «24 қазан - Кітапханашылар күні» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Бораш Қуат Қаһарманұлы; ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы кітап сақтау қызметінің ғылым, сирек кітаптар және манускриптер секторының жетекшісі Дауренбекова Дариға Асқарқызы. 

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.  

14.30-да Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Республика күні қарсаңында флешмоб өткізеді.

19.00-де Жастар театрында «Өмір-ғайып» мелодрамасы сахналанады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.

19.00-де «Наз» мемлекеттік би театрының ғимартында Республика күніне орай «Республикам Қазақстан» атты концерттік бағдарламасы өтеді.