24 қазанда болатын маңызды оқиғалар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 24 қазан күні болатын маңызды шаралардың анонсын ұсынады.
АСТАНА
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.
10.00-де Республика күніне арналған мерекелік автошеру — патриотизм мен ұлттық бірліктің символы. Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы (жиналу нүктесі).
10.00-де Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың Қазақстандық қауымдастығы» ҚБ төрағасы Сергей Агафонов Қазақстанның энергетика саласындағы проблемалар туралы егжей-тегжейлі айтып, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. «Press Club SILTEME» (Достык 3) мекен-жайында өтеді.
10.00 Мәжілісте Еділ Жаңбыршиннің жетекшілігімен Экология және табиғи ресурстар комитетінің отырысы өтеді.
11.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Өнеркәсіптің өркендеуі: өндірісті дамытудың экономикаға әсері».
11.30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де «Өнеркәсіптік өсу: өндірістің дамуы экономиканы қалай нығайтады» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
12:00-де Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Республика күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтеді.
15:00-де ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Республика күнін мерекелеуге орай салтанатты шара өтеді.
АЛМАТЫ
9.00-де «Ең жақсы кітапханашы» конкурсының қорытындысын шығару рәсіміне шақырамыз. Өтетін орны: Аскарова 47Б, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың акт залы.