24 қазанға күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 24 қазанға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

қар аралас жаңбыр
Фото: freepik.com

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.