24 қыркүйек. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 23 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1964) «Қазавтожол» ЖШС бас директоры Самат Қуанышұлы ҒЫЛЫМОВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. 1987 жылы Еңбек Қызыл Ту ордені атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 1981-1982 жылдары Гурьев облысының Қосшағыл кеңшарында слесарь, 1987-1988 жылдары Гурьев облысы Қосшағыл совхозының «Автогаражында» машина ауласының меңгерушісі, 1988-1990 жылдары Гурьев облысы Қосшағыл совхозының МТМ меңгерушісі, 1990-1991 жылдары Гурьев облысы Теңдік совхозының бас инженері, 1991-1992 жылдары «Атыраурыбпром» басқармасының инженері, 1992-1993 жылдары «Меркурий-Интернейшнл» бірлескен кеңес-Француз кәсіпорнының техникалық директоры, 1993-1995 жылдары «Алин-Холдинг» ЖШС Атырау өкілдігінің өңірлік өкілі болып қызмет атқарған. 1995-1997 жылдары «Қант орталығы» ЖШС өкілі, 1997 жылы «Қазақстан Сауда және қаржыландыру» РҚБ өкілі болды. 1998-2002 жылдары ҚР Салық полициясы органдарында қызмет етті. 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2005-2007 жылдары «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» филиалы аппаратының басшысы - директордың орынбасары, 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығы орынбасарының м.а., 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау және Маңғыстау облыстары, Атырау қаласы бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы қызметінде болды. 2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Атырау және Маңғыстау облыстары, Атырау қаласы бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының басшысы, 2014-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясының басшысы, 2017-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.
2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.
54 жыл бұрын (1969) Түркістан облысы бойынша полиция департаментінің басшысы Мұрат Талапұлы ҚАБДЕНОВ дүниеге келді.

1992 жылы Шымкент педагогикалық институтын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
Еңбек жолы: 1992-1993 жылдары Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы ҚІБ жедел уәкілі, 1993-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі, бөлімше бастығы, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, бөлім бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы МТКБ бастығының орынбасары, 1997-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы БІІБ ұйымдастырушылық-әдістемелік және КПҚ шетелдіктермен жұмыс жөніндегі басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығы, 1999-2001 жылдары Сарыағаш ауданы Ішкі істер басқармасы полиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. 2001-2003 жылдары Шымкент қаласы 1-полиция бөлімінің бастығы, 2003-2005 жылдары Ақмола облысы БІІБ бастығының орынбасары, 2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің бастығы, 2009-2011 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, 2011-2012 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары, 2012-2014 жылдары Павлодар облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаментінің бастығы, 2014-2017 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі, 2017-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.
2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
54 жыл бұрын (1970) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқармасының мүшесі, басқарушы директоры Арман Тимурұлы МУХАТОВ дүниеге келді.

Еңбек жолын 1992 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электротехника кафедрасының ассистенті болып бастады. 1992-1993 жылдары «Акцепт» ШК Коммерциялық директоры қызметін атқарды, 1993-1995 жылдары «Фирма Акцепт» ЖШС Коммерциялық директоры болды.
1995-1996 жылдары «Акцепт-электроника» ШЖК директоры, 1996-1997 жылдары «Акцепт – электроника» ЖСАҚ департамент директоры, 1997-1999 жылдары «Акцепт Фреш» ЖШС директоры, 1999-2005 жылдары «Пана Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» ЖАҚ президенті қызметін атқарды. 2005 жылы «Пана Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» ЖАҚ Басқарма Төрағасының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметінде болды. Сонымен қатар, 2001-2008 жылдары «Пана иншуранс» Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды.
2009-2011 жылдары LancasterSecurities АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры,
2010-2013 жылдары «Сырымбет» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры,
2013-2015 жылдары «Қазақмыс» Сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып, қаржы блогына жетекшілік етті, қаражаттың орналастырылуын, қозғалысын және жұмсалуын, бизнес-үдерістерді әзірлеу мен енгізуді бақылауды жүзеге асырды. 2013-2016 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры қызметін атқарған. 2018-2021 жылдары Қазақстан ипотекалық компаниясы ИҰ АҚ Басқарушы директоры, Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
120 жыл бұрын (1904-1992) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен ӨЗДЕНБАЕВ дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Орынборда мұғалімдер даярлау курсын (Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтардың дәрісіне қатысқан), Мәскеуде облыстық газет редакторларын даярлау курсын, Қостанай мұғалімдер институтын бітірген.
1920-1928 жылдары кеңес заң органдарында қымет істеді, 1928-1973 жылдары баспалардың редакторы болды. Әдеби қызметін 1929-1930 жылдары бастады. 1937 жылдың көктемінде Шығыс Қазақстан өңірінде шығып тұрған газетке редактор, бір жылдан соң партиялық баспаның бас редакторы болды. Ал содан жарты жыл өткенде халық жауы ретінде партия қатарынан шығарып, контрреволюциялық қызметі үшін қамауға алады. Басқа да түрлі айыптаулар тағылып, 1938 жылы сотталып, 1941 жылға дейін түрмеде отырып шықты. Ол сотталып шыққаннан кейін ұзақ жылдар бойы ҚазТАГ ақпарат агенттігінде (қазіргі «ҚазАқпарат» ХАА, биыл агенттікке 102 жыл толып отыр) қызмет етті.
Қостанай округтік «Ауыл» газетінде фельетондары, очерктері жарияланды. М. Алексеевтің «Большевиктер», М. Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», И. Гончаровтың «Обломов», О. Бальзактың «Шегірен былғары» романдарын, П. Мерименің, И. Вазовтың әңгімелерін қазақшаға аударды. Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын Н. Кузьминмен бірге қазақ тілінінен орысшаға аударды, А. Мұхтардың «Апалы-сіңлілер» романын өзбекшеден, Ә. Еникидің «Айтылмай қалған өсиет» повесін татаршадан тікелей қазақшалады. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.