24 қыркүйек ел аумағында ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК
None
None

Қазақстанның батысында, орталығында және шығысында фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауады.

Елдің орталығында және шығысында аздаған жауын-шашын жауады. Республиканың қалған аумағында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында жел күшейеді.

Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.

Түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және батысында, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жел мен шаңды дауылдың күші 15-20 м/с шамасында болады.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні - 15-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде және батысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады

Соңғы жаңалықтар