24 қыркүйекте хакерлер АҚШ-қа шабуыл жасамақ

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Anonymous хакерлі тобы 24 қыркүйекте АҚШ-та бірнеше кибершабуыл жасауды жоспарлап отыр.
None
None

Аталмыш топ шығарған баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, ол және өзге де кибер азат ету топтары «бейбіт түрде, бірақ қаһарлы» қарсылық көрсетеді, деп хабарлады Утро.ру.

Anonymous ескерткендей, 24 қыркүйекте тал түсте АҚШ-тың ондаған қаласында «Кек күніне» байланысты қарсылық акциялары басталады. Сонымен қатар, Уолл-стриттің қаржы институттарына, жемқор банктер мен Нью-Йорктың полиция департаментіне қарсы бірнеше шабуыл жасалады. Хакерлер тобы акция туралы есеп тәулік ішінде жарияланып отыратын @PLF2012 твиттер-аккаунтына жазылуға шақыруда.

Соңғы жаңалықтар