00:04, 03 Маусым 2013 | GMT +5
24 маусым күні футболдан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - 24 маусым күні Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бірінші және екінші іріктеу ойындарына жеребе тартылатын болады. Чемпиондар лигасында биыл қарағандылық «Шахтердің» ойнайтындығын білеміз. Кеншілер екінші іріктеу турынан бастайтын болады, деп хабарлайды «Аламан».

Төмендегі командалардың бірі «Шахтердің» қарсыласы болады: «БАТЭ» (Белоруссия), «Селтик» (Шотландия), «Стяуа» (Румыния), «Виктория» (Плзень, Чехия), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Партизан» (Белград, Сербия), «Легия» (Польша), «Шериф» (Молдова), «Марибор» (Словения), «Слован» (Словакия), «Эльфсборг» (Швеция), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Мельде» (Норвегия), «ХИК» (Финляндия), «Экранас» (Литва), «Нефтчи» (Әзірбайжан), «Динамо» (Тбилиси, Грузия).
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу ойындарының алғашқы матчы 16-17 шілде, ал қарымта кездесу 23-24 шілде күндері болады деп жоспарланған.