24 наурызда Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аумағында дерлік атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде кей жерлерде күн күркіреуі ықтимал, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде ұйтқуы 25-30 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде ұйтқуы 25-30 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында жел 20-25, кей жерлерде ұйтқуы 30 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20, ұйтқуы 25 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 17-22, күндіз 15-20, ұйтқуы 25-30 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде желдің күші 18-23, ұйтқуы 30 м/с-тан асады, тұман түседі, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с-қа дейін, түнде және таңертең ұйтқуы 23-28 м/с-қа жетеді.
Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің күші 18-23 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысында күн желдетіп, 15-20 м/с-қа жетеді, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.
Атырау облысында түнде кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.