24 сағат ойнаған геймер көз жұмды

АСТАНА. Қазақпарат - Өткен жексенбіде PoShYbRiD лақап атымен World of Tanks ойынын ойнаған америкалық геймер Брайан Виньо жансыз күйінде табылды. Ол өзі ұйымдастырған 24 сағаттық қайырымдылық ойын-марафоны кезінде көз жұмған. Стримнің аяқталуына екі сағат қалғанда геймер шылым шегу үшін бөлмеден шыққан және қайтып оралмаған.
None
None

Америкалықтың үйіне полиция бір сағат өткен соң ғана шақырылған, деп хабарлады Polygon .
Қазіргі уақытта жергілікті полиция 34 жастағы геймердің өлімін тексеруде. Виньоның мұндай қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізіп тұрғаны және түскен қаржыны түрлі қайырымдылық ұйымдарына бергені белгілі болды.

The Sun басылымының жазуынша, компьютер алдынан кеткен соң оралмаған Виньоны көрермендер ұйықтап қалды деп ойлаған. Кейінірек ол тағы да онлайнға шықты - алайда, бұл жайсыз хабарды мәлім еткен полиция қызметкері еді. 

Соңғы жаңалықтар