24 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.30-да Rixos President Astana қонақ үйінде Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Чехия Премьер-Министрі Петр Фиаланың қатысуымен Чехия-Қазақстан бизнес-форумы өтеді.
11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Цифрлық технологиялар саласындағы киберқылмыс пен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл» атты онлайн брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті. Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.
12.00-де «Ақ жол» партиясында үгітілген және үгітілмеген күнбағыстың өзге де тұқымдарын экспорттауға мемлекеттік баж салығын енгізу мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.
15.00-де St. Regis Astana қонақ үйінде шахматтан әлем чемпионаты өтеді.
18.00-де «Ренко» бизнес орталығында ЕО Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан Қазақстанға ресми сапармен келеді, онда қазақстандық ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер жоспарланған. Арнайы елші сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.
19.00-де Барыс Арена мұз сарайында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында хоккейден жолдастық кездесу өтеді.
19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында Ақан Серінің шығармашылығына арналған өнер кеші өтеді.